Коронавирусты дәл анықтайтын ПТР тесттін кімдердің тегін тапсыра алатыны белгілі болды

coronavirus2020.kz
coronavirus2020.kz
Бұл мақсатқа бюджеттен 5,4 млрд.теңге бөлінген
Жаңалықтармен бөлісіңіз




Коронавирусты дәл анықтайтын ПТР тестті әлеуметтік-медициналық сақтандыру қоры арқылы кімдердің тегін тапсыра алатыны белгілі болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл мақсатқа бюджеттен 5,4 млрд.теңге бөлінген. Оның ішінде кеңестік-диагностикалық қызмет көрсететін стационарға 1,7 млрд., ауруханаларға 3,7 млрд. теңге бағытталды.


«Қазіргі уақытта COVID-19 зерттеу жүргізетін 600-ден астам медициналық ұйымдармен келісім-шарт жасалды. Қор арқылы келесі азаматтар санаты тегін тест тапсыра алады: COVID-19-ға күдікпен провизорлық стационарға жатқызылғандар, ЖРВИ және пневмония белгілері бар азаматтар, жұқтырғандармен жақын байланыста болған адамдар,  стационарға жоспарлы емдеуге жатқызу кезінде пациенттер, тыныс алу мүшелерінің, эндокриндік және жүрек-қантамыр жүйесінің ауруларымен динамикалық бақылаудағы 50 жастан асқан пациенттер, шетелден келгендер, коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі іс-шараларға тартылған ІІМ қызметкерлері және жүкті әйелдер», – деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ департамент басшысы Бибігүл МЫРЗАБЕКОВА.









Новости партнеров