Алматыда COVID-2019 диагнозы жаңадан расталған 505 жағдай анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
1985 жылы туған пациент вирусы бұрын анықталған науқастармен байланыста болған. Ағымдағы жылдың 4 сәуірінен бастап карантинде болған. Келіп түскен күні және 10 сәуірде COVID-19 вирусына жасалынған екі рет талдау теріс нәтиже көрсеткен болатын. 17 сәуірде соңғы рет алынған талдау оң нәтиже берді.
«Бүгін Алматыда коронавирустық инфекциядан сауыққан тағы 4 пациент емдеуден шығарылды», – деді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев .
Екі әйел мен екі ер адам, олардың барлығы вирусы бұрын анықталған науқастармен байланыста болғандар.
Қазір олардың барлығы 14 күндік үй карантиніне шығарылған.
Жалпы алғанда, Алматыда 84 адам Covid-19-дан сауығып шықты.
Қазіргі уақытта жұқпалы аурулар стационарларында Cоvid-19-дан Алматы облысынан пациентті есепке ала отырып, 419 пациент ем алып жатыр