|
04.08.2022 | 19:41
1141

Маймыл шешегі: Әлемде АҚШ көш бастап тұр

Ресми ақпарға сүйенсек, аталған аурудың 98%-ы бір жынысты ер адамдардан анықталыпты

Маймыл шешегі:  Әлемде АҚШ көш бастап тұр aikyn.kz

Маймыл шешегін жұқтыру бойынша әлемде АҚШ көш бастап тұр. Бұл елдің осымен үшінші штатында дерттің өршуіне байланысты төтенше жағдай енгізілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл ретте, індетке іліккендер саны артқан сайын вакцинаға да сұраныс көбейгенін айта кету керек. Ресми ақпарға сүйенсек, аталған аурудың 98%-ы бір жынысты ер адамдардан анықталыпты.

«Қазір бүкіл әлемде маймыл шешегі дейтін ауру тарап кетті. Негізінде  бұл 30 мемлекетте бар. 3000-ға жуық адам ауырып жатыр. Барлық вирус инфекциясы сияқты  бас ауырып, қызу көтеріледі. Бірақ басты белгісі бұл адамның денесінде су құйылған сияқты әсер болады, оны лезион дейміз. Осы күні Еуропада кең таралуына біржыныстылардың шеруі әсер етті», – деді сарапшы-дәрігер Серік Тұрсын. 

Сарапшының айтуынша, індет бүкіл дүниежүзінде эпидемия болып кетеді дегенге сену өте қиын.

«Бұл аурудан қалай сақтануға болды? Негізінде бұл денеде пайда болған сол денеге шыққан, теріден көріп тұрған кішкентай бөрітінді ішіндегі су. Сақтану керек. Ал егер жұқтырып алса, дәрігерге барып, алдын алу қажет.Екіншіден, жыныстық қатынас арқылы тарайды. Сондықтан бүкіл дүниежүзінде эпидемия болып кетеді дегенге сену өте қиын, мүмкін емес деп ойлаймыз», – деді сарапшы-дәрігер Серік Тұрсын.



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир