|
28.03.2021 | 19:43
6306

Алматыда коронавирус пандемиясының үшінші толқыны басталды

Алдыңғы базалық штампен салыстырғанда жаңа штамтардың жұқтыру көрсеткіші 70 пайызға дейін жетеді

Алматыда коронавирус пандемиясының үшінші толқыны басталды Almaty.tv

Мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» телеарнасында өткен «Akimat Live» бағдарламасының тікелей эфирінде жаңа мутацияланған штамтардың пайда болуына байланысты КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдайдың күрделенгені туралы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жүргізушілердің сұрақтарына жауап бере отырып қала әкімі ірі қалаларда вирустың үшінші толқыны басталғанын айтып, Алматы да қиын кезеңді бастан өткеріп жатқанын жеткізді.

Соңғы айда байқалған аурудың жоғары деңгейі мутацияланған штамтардың айналымымен байланысты болуы мүмкін. Өйткені, зерттеу барысында британдық және оңтүстік африкалық коронавирус штамтарына тән мутациялар анықталған.

Жаңа штамтардың контагиозы жоғары. Алдыңғы базалық штампен салыстырғанда жаңа штамтардың жұқтыру көрсеткіші 70 пайызға дейін жетеді. Бұл инфекция жұқпалылығының жоғарылығын көрсетеді. Мегаполисте соңғы уақытта тіркелген вирустың таралу жылдамдығына дәл сол себеп болып отыр.

Вирустың мутацияланған штамның бар екеніне тағы бір дәлел, КВИ-дің симптомсыз түрінің тіркелуі өткен жылы 39 пайыз болса, 2021 жылы 32 пайызға дейін азайған, 14 жасқа дейінгі балалар арасында КВИ 335-тен 670 жағдайға дейін, яғни 2 есе күрт артқан.

Осы ретте  Б.Сағынтаев тағы да қала тұрғындарын бетперде режимін сақтауға, көпшілік жиналатын жерлерден аулақ болуға, жақындарына жанашыр болуға шақырды.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир