|
27.05.2020 | 19:46
3505

Алматыда қауіпті ошақтар саны азайып келеді

Алатау ауданында 122 ошақтың 79-ы алынған

Алматыда қауіпті ошақтар саны азайып келеді Almaty.tv

Қалада күнделікті дезинфекциялық жұмысты белсенді жүргізудің нәтижесінде күн санап қауіпті ошақтар саны азайып келеді,  деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Өткен аптада бір ғана Алатау ауданында 122 ошақтың 79-ы алынған. Десе де тұрғындарға еркінсуге болмайды. Сақтық шаралары қатаң сақталуы тиіс. Әріптесім Ұлағат Арғын Алатау ауданындағы тұрғын үйлерге жасалған залалсыздандыру жұмыстарымен танысып келді.

Алатау ауданында 635 тұрғын үй бар. Залалсыздандыру жұмыстары бұл үйлердің бәріне бір аптада екі рет жасалады. Сонымен бірге 132 балалар алаңы мен 1358 кіреберіс те толық қамтылады. Мамандар дезинфекциялау кезінде қиыншылықтар болатынын да жасырмады.

«Дезинфекциялау кезінде қиыншылықтар болады. Подъездерді ашпау деген сияқты. Ол кезде бізге тұрғын үй коперативтері көмектеседі. Осындай жұмыстар кезінде тұрғындарға түсінушілікпен қарап бізге көмектесуін сұраймыз», – деді Мердігер компания директорының орынбасары Ербол БАЙЖАНОВ.

Қызметкерлер бұндай тұрғын үйлерден бөлек, қауіпті ошақтарға да тазалау жұмыстарын жүргізеді. Арнайы қорғаныш киімдері мен дәрілік заттары толығымен жеткілікті. Қазір Алатау ауданында барлығы 43 қауіпті ошақ бар. Оның 38-і жер үйлер.

Бүгінде Алатау ауданында Ковид-19-ға қауіпті ошақ деп танылған 5 тұрғын үй бар. Күнделікті дезинфекциялық жұмыстарды белсенді жүргізудің нәтижесінде олардың саны күн санап азайып келеді. Соның бірі – менің артымда тұрған «Солтүстік айналым» тұрғын үй кешініндегі  86 үй. 2 апта бұрын бұл тұрғын үйдегі кіреберістер ошақтан алынып тасталды. Қазір тұрғындар үшін карантиндік талаптар біршама жеңілдеген.

Қаланы залалсыздандыру жұмыстарымен айналысатын мамандардың бәрі де аптасына 2 рет ПТР-тест тапсырады. Бұған дейін олардың ешқайсысынан оң нәтиже анықталмапты.

«Бізде әр апта сайын сәрсенбі және сенбі күндері дезинфекция жүргізіледі. Бұл жерде 14 үй бар. Дезинфекция дәл уақытысында келеді. Олардың жұмысына біз ризамыз. Жақсы жасайды», – деді Алатау ауданының тұрғыны Ғалия БЕГІМБЕКОВА.

Еске сала кетейік, қаладағы дезинфекциялық жұмыстар 24-кезеңге дейін созылған болатын. Қазір оның 18-кезеңі жүріп жатыр. Қауіпті індетті алдын-алудың бірден-бір жолы қауіпсіздік шараларын толығымен сақтау.

Ұлағат Арғын, «Алматы» арнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир