Рейдтік шаралар қала аумағында тұтас жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алмалы ауданы Тауарлар мен көрсетілген қызметтің сапасы мен қауіпсіздігін сақтау басқармасы мамандары, әкімдік өкілдері және аудандық полиция қызметкерлері бірқатар нысандардан карантин шараларының бұзылғанын анықтады. Мәселен, «Тастақ» ықшам ауданына қарасты Прокофьева көшесінің бойында жабайы сауда қызып тұрған. Санитарлық талаптарды сақтау деген атымен жоқ.
Атап айтсақ, бетперде тағу, дезинфекциялық тәртіпті сақтау, келушілер арасында кемінде екі метр ара қашықтықты ұстану талаптары орындалмаған. Ал, рейдтік шаралардың өткізіліп жатқандығын байқаған саудагерлер, бірден жұмыстарын доғарып, контейнерлерін жаба бастады. Бірқатар саудагерлерге қатаң ескерту беріліп, айыппұл салынды.