Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 18 адам, жалпы 33 науқас тіркелді
Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы бір адам анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді», - деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.
17 наурыз, сағат 19.00-дегі жағдай бойынша, Алматы қаласында – 15 адам, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 18 адам, жалпы 33 науқас тіркелді.