Дәрігерлер 97 жастағы науқастың коронавирустан қайтыс болмағанын айтты

© Sputnik / Алексей Сухоруков
© Sputnik / Алексей Сухоруков
Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустан қайтыс болғандар туралы бұған дейін жарияланған ақпаратқа өзгерту енгізді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Дәрігерлер 97 жастағы науқастың коронавирустан қайтыс болмағанын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv. ресми дереккөзге сілтеме жасап. Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустан қайтыс болғандар туралы бұған дейін жарияланған ақпаратқа өзгерту енгізді.

Денсаулық сақтау министрлігі қайтыс болған 97 жастағы науқастың коронавирустан қайтыс болмағанын хабарлады.

«Науқас мидағы қан айналымының бұзылуы салдарынан қайтыс болды. Ал коронавирус инфекциясы өзге де ауыр сырқаттар сынды осыған әсер еткен», – деп жазылған ведомствоның хабарламада.

Коронавирус инфекциясынан көз жұмған жағдайларды зерттеу жөніндегі комиссия бұл оқиғаны COVІD-19-дан көз жұмғандар қатарына қоспауға шешім қабылдады.

Осылайша, Қазақстанда коронавирустан жиырма алты емес, 25 адам көз жұмды.




Новости партнеров