Денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов коронавируске байланысты тест тапсырған

23.04.2020 00:51

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова дәл осылай айтты

liter.kz

Еліміздің Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Covid-19-ға шалдыққан бұрынғы вице-министр Камалжан Надыровпен байланыста болған жоқ. Десе де бүгін тест тапсырды. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова дәл осылай айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Медициналық қызметкерлер, әлбетте қауіпті тәуекел аймағында. Қызметі барысында Камалжан Надыров бірқатар өңірде болып, инфекцияның таралмауына бағытталған алдын алу шараларына қатысты. Бүгін таңертең тест оның коронавирусты жұқтырғанын көрсетті. Ол Нұр-Сұлтан қаласының жұқпалы ауруханасына стационарға алынды. Жағдайы қанағаттанарлық. Онымен байланыста болғандар аз. Себебі денсаулық сақтау министрлігі жетекшілерінің 90 пайызы қашықтан жұмыс істеп жатыр», – деді  ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан ЕСМАҒАМБЕТОВА.