Бас санитарлық дәрігер COVID-19 індетіне қатысты тест тапсыру неліктен қымбат екенін түсіндірді

05.05.2020 00:56

Бас санитарлық дәрігер соңғы екі аптада еліміз бойынша жағдай тұрақталғанын жеткізді

kzaif.kz

Еліміздің бас санитарлық дәрігері COVID-19  індетіне қатысты  тест тапсыру неліктен қымбат екенін түсіндірді. Сондай-ақ Айжан Есмағамбетова қандай жағдайда талдауды міндетті әлеуметтік сақтандыру есебінен тапсыруға болатынын да атап өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.  

«Иә, коронавируске тест тапсыру қымбат екенін біз де байқап отырмыз. Бірақ Денсаулық сақтау министрлігі бағаны реттемейді. Бағаны нарық реттейді. Оны кім тапсыруы қажет деген мәселе талқылану үстінде. Тест тапсырушылардың саны артуы мүмкін. Сонда белгілі бір категория мемлекет немесе міндетті әлеуметтік сақтандыру есебінен тапсыратын болады», – деді ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан ЕСМАҒАМБЕТОВА.

Бас санитарлық дәрігер соңғы екі аптада еліміз бойынша жағдай тұрақталғанын жеткізді. Мәселен, індетке шалдығудың өсімі 7 пайыздан аспайды. Айжан Есмағамбетова мәселе эпидемиолог мамандардың аздығында екенін жасырмады. Түйткілді шешу үшін биылдан бастап осы мамандық бойынша қабылдауды кеңейту көзделіп отыр. Жоғарғы оқу орындарында эпидемиология мамандығы профильді магистратураға ензігілмек.