Жамбыл облысында Ресейден келген азаматтан коронавирус анықталған

03.04.2020 00:58

Коронавирус анықталған екінші азамат індетті жолаушылап жүріп жұқтырған

kstnews.kz

Жамбыл облысында коронавирус анықталған екі азаматтың бірі індетті  жолаушылап жүріп жұқтырған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Науқастың бірі Тараз қаласының 41 жастағы тұрғыны. Ол  «Қызылорда – Петропавл» бағытындағы пойызда Түркістан облысының тұрғынымен байланыста болған. Түркістандық жолаушының да індет жұқтырғаны белгілі болды, дейді денсаулық басқармасының басшысы. Ал екінші науқас 1991 жылғы облыс тұрғыны. Ол 30 наурызда өңірге Ресейден келген. Санитарлық-эпидемиялық қызметтер олардың тұрған жерлері мен болған орындарындағы ошақтарда дезинфекция жұмыстарын жүргізді.

«Олармен байлланыста болған 8 адам карантин бөлімшесіне жатқызылды. Коронавирус инфекциясына талдау алынды. Сонымен қатар, "Қызылорда-Петропавл" пойызында Түркістан  облысының аталған тұрғынымен байланыста болған 7 жолаушы карантинге жатқызылды. Олардың қан талдауы теріс нәтиже көрсетті», – деді Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат ЖҰМАНҚҰЛОВ.