Ресей жаңа тіркелген COVID-19 саны бойынша Италиядан озды
Фото ©REUTERS
Ресейде тәулік ішінде 3448 адамнан коронавирус анықталған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Ресей тәулік ішінде жаңа тіркелген COVID-19 саны бойынша Италиядан асты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Италия азаматтық қорғаныс департаментінің деректеріне сәйкес, елде тәулік ішінде коронавирус жұқтырған 2667 жаңа жағдай тіркелген.
Мәскеу шұғыл штабының хабарлауынша, Ресейде тәулік ішінде 3448 адамнан коронавирус анықталған. Италияда эпидемия кезінде 165 мың адам коронавирус жұқтырды, олардың ішінде 38 мың адам жазылды, 21 мың науқас қайтыс болған. Ресейде коронавирус 28 мыңға жуық адамнан анықталған. 2,3 мың адам сауықты, 232 адам көз жұмды.
Ал, италиялық БАҚ-тың хабарлауынша, елде соңғы екі аптада COVID-19 жұқтыру дерегі азайып келеді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
04.10.2026 10:30
Алматыда жыл басынан бері 238 орында 23 сенбілік өтті
03.10.2026 16:00