Алыпсатарларға тосқауыл қою мүмкін болмай отыр

bash.news
bash.news
Олар қорғаныс құралын интернетте көтерме бағамен сатуды кәсіпке айналдырған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде медициналық бетперде тапшылығы бар екені рас. Бетперденің көбі алыпсатарлардың қолына өткен. Олар қорғаныс құралын интернетте көтерме бағамен сатуды кәсіпке айналдырған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ал, Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасы жыл басынан бері біраз ғана өскен. Ал доллар бағамының өсуі азық-түлік бағасының шарықтауына әсер ете ме?

Әлемді жайлаған қауіпті дертке байланысты елімізде медициналық бетперде бағасы қымбаттаған болатын. Алматыда коронавирус жағдайлары тіркелгелі бері маскалардың бағасы күннен-күнге шарықтап барады. Бүгінде 1 бетперденің құны 120 теңгеден асады. Кей жерлерде тіпті 200 теңгеге дейін барады. Саудадағы респираторлық маскалардың құны да өршіп тұр. Алыпсатарларға тосқауыл қою мүмкін болмай отыр.

ШУМ:

– Здравствуйте. У вас маски есть в наличии?

–  Есть. Сколько надо? Минимально 100 штук надо купить по 200 тг. У нас только наличными, без чека. Времени нет сдавать чеки.

Бұл ретте әлеуметтік желілерде медициналық бетперделердің жетіспеушілігі, бар болған күннің өзінде, оның бағасы өршіп тұр деген хабарламалар өріп жүр. Біз бұл жағдайды да анықтап көрдік.  

ШУМ: ДӘРІХАНА

– Айтыңызшы, сіздерде бетперде бар ма?  

– Бар, 200 теңге.

ШУМ:

«Там же написано, вы можете зайти, сразу написано: «Масок нет». Защитные средства, я оксолинку спросил, вообще нет. Маски подорожали? Да, 200 теңге».

Бұған дейін халық арасында азық-түлік жетіспеушілігі мен кей тауар құнының жоғарылауы туралы даурықпа әңгімелер тараған болатын. Бұл жағдайды бақылап қайту үшін біз қаладағы сауда орындарының біріне келдік. Жұмыс қалыпты жүріп жатыр. Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің құны көтерілмеген. Мұны тұтынушылардың өзі де растап отыр. Ал коронавирустен сақтану үшін дүкен қызметкері бетперде тағып жұмыс жасауда.

«Барлық жабдықтар санитарлық тазалаудан өтеді. Қызметкерлерге бақылау күшейтілді. Оларды жұмысқа келерінде тепловизормен тексеріп өткізеді. Дене қызуы көтерілген жағдайда, жұмысқа жіберілмейді. Өткен жұмада таразыға тартылып сатылатын қапталмаған, қант, күріш сияқты тауарларды, ашық сатылып келген нан өнімдерін сатылымнан алып тастадық. Біздің дүкеннің қызметкерлері барлық гигиеналық нормаларды ұстана отырып, бетперде, қолғап қиіп, өздері қаптайды», – деді компанияның PR-менеджері  Дмитрий ШИШКИН.

БЛИЦ: СУПЕРМАРКЕТ

«По ценам все так же, я не вижу сильного подорожания».

«Азық-түліктің бағасы сәл көтерілген. Өмір сүруге болады».

«Баға қатты өспеген. Тек дәріханаларда масканың бағасы өспесе, азық-түліктің бағасы сол қалпы».

Сауда орнынан кейін, жеміс-жидек сататын базарға бет бұрдық. Супермаркеттегі бағаны салыстыруға келмейді. Мұнда баға біршама жоғары. Әсіресе, халықтың сұранысындағы сарымсақтың құны келісіне 2500 теңгеге жеткен. Бір басы – 150 теңге. «Соңғы күндері картопқа деген сұраныс артуда» дейді сатушылар.

«Осы коронавирус шықты дегеннен бері, жаңа жылдан бері лимонға сұраныс көп, сарымсаққа сұраныс көп. Екі күн бұрын  базарлар, магазиндер жабылады деген соң картопқа  сұраныс болды, ажиотаж болды.   Бірақ баға айтарлықтай өскен жоқ», – деді сатушы Қарлығаш КЕНБАЕВА.

БЛИЦ: БАЗАР

«Баға қаншалықты өскен? 10 пайыз, 15 пайыз өскен. Кей тауарларға 20 пайыз өскен».

«Есть немножко, не сильно, но подорожали конечно. Сразу ощущается».

Осылайша, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік дүкен сөрелері мен базарларда түрлі бағамен сатылып жатыр. Қала халқы жеміс-жидек пен көкөніс құнының айтарлықтай өспегендігін айтады. Ал мамандар бағаның алдағы күндері шарықтамайтынын, оның қатаң бақылауда болатынын айтып сендірді.

Сая Меңдеке, Қобылан Әлдибеков, «Алматы» телеарнасы


Новости партнеров