Модульдік нысан 280 кереуетке арналған және оның 28-і реанимация бөлімі болады
Алматы маңында жаңа карантиндік орталықтың құрылысы қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алматы қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Әсет Мұқажанов өзінің әлеуметтік желісінде жариялады. Аурухана COVID-19 инфекциясын жұқтырғандармен байланыс болғандарға және коронавирус инфекциясын жұқтырды деген күдігі бар адамдарды қабылдайды. Модульдік нысан 280 кереуетке арналған және оның 28-і реанимация бөлімі болады.