Жалған ПТР анықтамасын сатқан Алматы әуежайының екі қызметкері ұсталды

almaty.tv
almaty.tv
«Сатушылар» Қылмыстық кодексінің 128-бабы бойынша уақытша ұстау изоляторына қамалды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы әуежайының екі қызметкері жалған ПТР сынақтарын жасап, сатқаны үшін ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қалалық полиция департаментінің мәлімдеуінше, шамамен 15-20 анықтама қағазы осындай жолмен сатылған. ПТР-тестті жасаушылар ұялы телефондағы арнайы қосымшаның көмегіне жүгініп, жеке деректер мен куәліктің берілген күнін түзеткен. Кейіннен өзара келісіммен жолаушыларды ұшаққа отырғызыпты. Ал тапсырыс берушілерден алынған қаражатты әуе компаниясының өкілдері өзара бөліп алған деген ақпар бар.

«Қазіргі уақытта жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде, қамауға алынғандардың ПТР-тест анықтамасын жасау бойынша ұқсас фактілерге қатыстылығы анықталуда. Тиісті сараптамалар тағайындалды. «Сатушылар» Қылмыстық кодексінің 128-бабы бойынша уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деді Алматы қаласы ПД басшысының орынбасары Рустам Әбдірахманов.

Новости партнеров