Елімізде коронавирус жұқтырудың шарықтау шегі қашан болуы мүмкін? Бүгін Денсаулық сақтау вице-министрі - Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов жаңа болжам айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оның сөзінше, қазіргі уақытта эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Дегенмен болжаммен қауіп қаңтар, ақпан айларында төнуі ықтимал.
«Бұрын Денсаулық сақтау министрі Қазақстанда коронавирусты жұқтырудың шарықтау шегі 2020 жылдың желтоқсаны мен 2021 жылдың қаңтарына сай келетінін болжаған еді. Алайда қазір оптимистік жағдай қалыптасты. Осыған байланысты апта сайын өзіміздің болжамды мәліметтерімізді зерттеп отырмыз. Қазіргі жағдайда пессимистік болжамға сүйенсек, коронавирусты жұқтырудың шарықтау шегі 2021 жылдың қаңтары мен ақпанына дөп келеді деп болжауға болады», – деді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі - Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов.
Бұдан бөлек, ол Қазақстанға басқа мемлекеттерден коронавирус жұқтырып келген азаматтардың саны біршама азайып келе жатқанын мәлімдеді. Және мерекелерде қандай да бір шектеу шаралары енгізілмейді. Дегенме, вице-министр АҚШ-та мереке күндері адамдардың жаппай ауруға шалдыққанын еске салды.