|
03.11.2020 | 06:12
3751

Коронавирусқа тест тапсыруға ағылған жұрт шу шығарды.

Қолында ПТР-тест нәтижесі болмағандықтан жолға шыға алмаған

Коронавирусқа тест тапсыруға ағылған жұрт шу шығарды. Almaty.tv

Өскемен және Семей қалаларынан әуе және теміржол қатынасы арқылы өзге өңірлерге кетпек болғандардың қолында ПТР-тест нәтижесі болмағандықтан жолға шыға алмаған. Тұрғындардың наразылық тудыруына себеп болған да осы жәйт, деп хабарлайды Almaty.tv.

Олар анықтаманың қажеттілігі жөніндегі ақпараттың тым кеш хабарланды дейді. Салдарынан зертханалар маңында ұзын-сонар кезек пайда болып, коронавирусқа тест тапсыруға ағылған жұрт шу шығарды.

БЛИЦ:

– Сағат 11.00-ден бастап тұрмын осында. Кезек өте ақырын жылжуда. Ешқандай арақашықтық сақталмаған. Жаңа телеканал мен әкімдік келгеннен кейін ғана, енді ғана қозғала бастады. Бір сағат түскі асымыз деп, ол ұстады. Енді ғана мына 1 метрлік қашықтық бояуын енді салып жатқан жағдайы бар.

– Сағат 09.00-дан бері тұрмыз. Жібек маталар комбинаты ауданынан келдім.  Ертең сапарға шығуым керек. Ал сынама нәтижесі қашан дайын болары белгісіз. Біздің де жұмыстарымыз бар ғой. Кеше сағат кешкі бестер шамасында ПТР нәтижесі керектігі жөнінде әуежайдан смс хабарлама келді.

Осылай, сынама тапсыра алмай, жол жүру билетінің ақысы қайтарылмаған жолаушылар жайының не болары белгісіз. Ал, облыстық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін қаматамасыз ету департаменті өкілдері қазіргі таңда ұзын-сонар кезектің жоқтығын, мәселе толығымен шешілгенін айтады.

«Бүгін екі лабораторияда сондай жағдай болды.  Ол «Инвитро» Семейде, сонымен облыстық репродуктивті орталықтың зертханасы Өскеменде. Сол екі точкада  осындай жайт орын алды. Қандай шешім қабылданды? Ертеңнен бастап, материалды қабылдайтын пункт көбейтіледі. Сөйтіп, үш жерден  анализ қабылдайтын болады», – деді облыстық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Талғат Тұңғышбаев.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир