Алматыда коронавируспен алдыңғы шепте күрескен дәрігерлер марапатталды

31.12.2021 01:23

Дәрігерлерге «Жанқиярлық күресі үшін» төсбелгісі табыс етілді

Almaty.tv

Алматыда пандемия кезінде COVID-19-бен алдыңғы шепте күрескен дәрігерлер «Жанқиярлық күресі үшін» төсбелгісімен марапатталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

Жыл басынан бері мыңнан астам адамды түрлі айтулы күндермен құттықтап, кәде-сыйлар таратылды. Сондай-ақ мейрам күндері қарсаңында балалар үйлерінде, бүлдіршіндерді қолдау орталықтарында қайырымдылық іс-шаралар ұйымдастырылды.  

«Қиын кездерді бастан кешкенде, әсіресе карантин кезінде қала мен ел билігі тарапынан үлкен қолдау көріп отырдық. Дәрігерлерге бар жағдай жасалды. Бүгін де міне көңіл бөліп, еңбек еленіп жатыр. Көп рахмет айтамыз!», – деді И. Жекенова атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының бөлім меңгерушісі Дина Кәрібаева.

«Біз жылды дәрігерлерге ерекше ілтипат білдірумен қорытындылайық деп шештік. Өйткені коронавируспен күрес әлі де жүріп жатыр. Сондықтан ақ халатты абзал жандардың еңбегі ерен. Бұл медальдар салаға сүбелі үлес қосқан мамандарға беріледі», – деді қалалық мәслихат депутаты Юрий Шин.