Коронавирустың аллергиядан айырмашылығы қандай

aif.ru
aif.ru
Қазір маусымдық аллергия басталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде Стеллс-Омикрон штамы көп таралып жатыр. Бұған дейін дәрігерлер коронавирустың бұл түрі балаларға қауіпті екенін айтқан, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Алматы қаласы ғана «сары аймаққа» енді. Қалған аймақтар «жасыл аймақта» тұр. Сары аймаққа енудің өзі Алматының коронавирус инфекциясының жоғарылағанын көрсетеді. Біздің құжаттарымыз бойынша «сары» аймақтан «қызыл» аймаққа ауысу үшін 5 күндік коронавирус ауруының көрсеткіштерін бағалаймыз. Басқа өңірлер «сары» аймаққа ауыспау үшін бүкіл халық біздің талап етіп отырған ережелерді сақтау керек. Біріншіден, ол - қолды жуу, екіншіден, ара қашықтықты сақтау, үшіншіден, көп адамдар жиналған жерге бармау және вакцина, ревакцина алу. Осы талаптарды талап етіп отырмыз», – деді ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау орталығының бөлім басшысы Ботагөз Әбдірова.

Шетелден келетіндерге ПТР тесттен өту әзірге міндеттелген жоқ. Алайда өзге мемлекеттерде де дерт өршіп жатқанын білеміз.

«Біздің елімізде мына коронавирус инфекциясының омикрон штаммының «стеллс-омикрон» деген штаммы таралып отыр. Бұл штамм дүниежүзінде биылғы жылдың қаңтар айында басталды. Қазіргі таңда көптеген елде осы ауру жоғары көрсеткіш көрсетіп отыр. Қазақстанда өткен тәулікте 187 жағдай тіркелді. Сондықтан да Алматы қаласы «сары аймаққа» енді. Қазіргі кезде шетелде де, көптеген елдерде де «стеллс-омикрон» жағдайы көп тіркелгендіктен біз туристтерге, шетелден келген қонақтарға, жағдайдың жоғарыламауын бақылап отырмыз. Алайда біз ПТР тестін кіргізбей отырғанымыз, «стеллс-омикронымыз» басқа коронавирустың штаммынан ПТР-ден анықтау мүмкін емес. Бұл өзгерілмейді. «Стеллс-омикроны» өте тез таралатын штаммға жатады. Сондықтан әзірге ПТР әдісімен коронавирусты анықтауды кіргізудің қажеті жоқ деп отырмыз», – деді ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау орталығының бөлім басшысы Ботагөз Әбдірова.

Қазір маусымдық аллергия басталды. Коронавирусты сол аллергиядан немесе жіті респираторлық аурулармен шатастырып алмау үшін не істеу керек?

«Бұл стеллс-омикронының өзінің ерекшеліктері бар. Біріншіден, адамда әлсіреу болады. Тамағы қатты ауырады. Әлсіздік.  Бірақ енді, стеллс омикронында дене температурасының көтерілмейді», – деді ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау орталығының бөлім басшысы Ботагөз Әбдірова.


Новости партнеров