|
30.10.2020 | 19:33
4227

Шығыс Қазақстан облысында коронавирустан өлім-жітім көбейді

Соңғы аптада қайтыс болған 18 адамның 65 пайызы – 65 жастан асқандар

Шығыс Қазақстан облысында коронавирустан өлім-жітім көбейді © сурет интернеттен алынды

Шығыс Қазақстан облысында коронавирустан өлім-жітім көбейді. Соңғы аптада қайтыс болған 18 адамның 65 пайызы – 65 жастан асқандар, деп хабарлайды Almaty.tv.

Енді аймақтан шығушыларда ПТР-анықтамалар болуы тиіс. Бұл ретте осы өңірде келесі аптадан бастап Нұр-сұлтан және Алматы қалаларымен теміржол және әуе қатынасы қысқарады. Бүгін еліміздің бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов хабарлағандай, коронавирус дертінің өршуінің негізгі себебі жоғары көші-қон мәселесі және тұрғындардың санитарлық нормаларды сақтамауы болып отыр.

«Өңірде бірқатар проблемалар анықталды, әсіресе жеке зертханаларда. Онда ПТР тестілеу бас санитарлық дәрігердің қаулысының алгоритміне сәйкес жүргізілмеген. Яғни, бұл зертханалардан нәтиже үш-бес күнге кешіктірілді. Сондықтан санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары жедел шараларды кешіктіріп жүргізді. Халықтың сақтығының төмендігі туралы мәселелер әлі де бар. Қоғамдық көлікте адамдардың 50%-ы маскасыз, қашықтықты сақтамай жүреді», – деді ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов.

Бұл ретте Шығыс Қазақстан облысында коронавирустың халыққа сапалы медициналық көмек көрсету үшін 40 инфекциялық стационар дайындалған. Өскемен қаласында 150 орынды жаңа госпиталь ашу жоспарланған.

«Медициналық жабдықтармен толық қамтылған 6 мыңнан астам төсек-орын әзірленді. Инфекциялық стационарлар 3 деңгейде өңірлік арада бөлінген. Бірінші деңгей инфекциялық стацонарлардың 70 пайызын, 4 215 төсек-орынды құрайды. Коронавирус инфециясы тіркелген алғашқы жағдайдан бастап төсек-орын саны 12 есе ұлғайтылды», – деді Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Райфа Сафиоллинова.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир