АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер коронавирустың таралуына қарсы күресте екі ел арасындағы әріптестікті растау туралы мәлімдеме жасады. Ол АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның Қазақстанның індеттен қорғануға қатысты дайындығына айтқан сөзін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Мемлекеттік хатшы өңірге жасаған сапары кезінде Қазақстанның жаңа коронавирус түріне, COVID-19-ға, дайындығын жоғары бағалады. "Ол "Вирустың таралуын тоқтату жөніндегі Қазақстан Үкіметінің жедел әрекеті таңғалдырды", - деді елші Помпеоның айтқан сөздерін келтіріп.
Елшінің мәліметінше, хатшы әлемнің көптеген елдері коронавирустың кең ауқымды пандемиясына дайын емес екенін, сондықтан Құрама Штаттар жаһандық шараларға 100 миллион доллар бөлуге міндет алғанын айтқан.
"АҚШ-тың ауруларды бақылау және алдын алу орталықтары (CDC) инфекцияның таралуына қарсы тұру үшін Қазақстан Үкіметімен өте тығыз және нәтижелі жұмыс істеп жатыр. Дәрігер Дениел Сингер, CDC аймақтық кеңсесінің басшысы Қазақстанмен ынтымақтастық туралы былай деді: "Қазақстан - Ухань қаласынан азаматтарын алып шыққан аймақтағы алғашқы ел. Ол сондай-ақ COVID-19 вирусының пайда болуының алдын алу және елдегі жағдайды анықтау үшін ауқымды шаралар қабылдады. Олар Қытаймен шекара арқылы жүріп-тұруды азайтып, жағдайды бақылап отыр, бұл менің жұмысымда 25 жыл ішінде көрген жақсы система. Сондай-ақ, Қазақстан Үкіметі COVID-19 анықтаудың нақты критерийлерін қабылдады, ол ДДҰ-дан қарағанда сезімтал. Үкімет осы жаңа вирустың қаупін сезінеді және оған қарсы күреске дайындық үшін батыл қадамдар жасады. Олар нағыз көшбасшылықты көрсетеді", - деді елші дәрігердің сөзін келтіріп.
Еске салайық, бұған дейін Майк Помпео Қазақстан мен Өзбекстан инфрақұрылымының коронавирустан қорғануға дайын еместігін айтқан.
Соңғы мәліметтер бойынша, Қытайда коронавирус жұқтырғандардың саны 66 492-ге жетті, оның 1523-і қайтыс болды, 8096 адам емделіп, ауруханадан шығарылды.