Мамандардың пікірінше, оның салдары вирустың жылдам тарауына түрткі болған
Ғалымдар әлемді шарпыған COVID-19 эпидемиясының неліктен ұзаққа созылып кеткенін түсіндірді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бәрі коронавируске сенбейтіндердің кесірінен дейді олар. Талдау көрсеткендей, карантин талаптарын жиі бұзатындардың дені скептиктер екен. Осындай мониторинг нәтижелерімен ресейдегі экономикалық зерттеулер орталығының сарапшысы Агаси Тавадян бөлісті. Көрші мемлекетте жүргізілген сауалнамаға сүйенсек, халықтың 30 пайызы COVID-19-ға мүлдем сенбей, сақтану шараларынан қасақана бас тартып жүр. Мамандардың пікірінше, оның салдары вирустың жылдам тарауына түрткі болған.