Осы қаулы 2021 жылғы 4 шілдеден бастап күшіне енеді
Алматы аумағында коронавирустық инфекцияның одан әрі таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту туралы қаланың бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жаңа қаулының мәтіні төмендейгідей.
Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі кодексінің 38-бабы 1-тармағының 7 тармақшасына, 104-бабы 7-тармағының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 01 шілдедегі №31 «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы№ 67 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» қаулысына сәйкес Алматы қаласының тұрғындары арасында COVID-19 (бұдан әрі - COVID-19) коронавирустық инфекциясының мутацияланған штаммдарының таралуының алдын алу мақсатында, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Аудан әкімдері, мемлекеттік органдар, құқық қорғау және арнайы органдар, «Атамекен» ӨКП (келісім бойынша), ұйымдар мен мекеме басшылары қамтамасыз етсін:
1) «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 01 шілдедегі№ 31 қаулысын іске асыруды
2) осы қаулының орындалуын бақылау жөніндегі мамандандырылған мониторингтік топтардың жұмысын ұйымдастыруды.
2. Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 26 маусымдағы № 19 қаулысының 2-тармағының 17-тармақшасы алынып тасталсын;
3. Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 26 маусымдағы № 19 қаулысының 2-тармағы «әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, «ASHYQ» жобасы бойынша келушілерді өткізуді ұйымдастыру мүмкіндігін аумақты қоршай отырып, қалалық жағажайлар мен ашық бассейндердің 7.00-ден 19.00-ге дейін жұмыс істеу редакциясының 17 тармақшасына сәйкес оқшаулау» деп толықтырылсын.
4. Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 26 маусымдағы № 19 «Алматы қаласының аумағында коронавирустық инфекцияның одан әрі таралуына жол бермеу жөніндегі шаралар туралы» қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: қаулыға 1-қосымшада 30 және 59 нөмірлердің редакциясы алынып тасталсын; 14, 27, 41 және 58-нөмірлер жаңа редакцияда жазылсын:
№
«ASHYQ» жобасының қатысушылары емес
«ASHYQ» жобасының қатысушылары
Объектілер/салалар
Қызыл аймақ шектеу критерий
лері
Объектілер/салалар
Қызыл аймақ шектеу критерийлері
14.
Театрлар, кинотеатрлар, филармониялар
концерт залдары
–
Театрлар, кинотеатрлар, филармониялар
толымдылығы 30%-дан артық емес
үлгілік түрдегі үй-жайлар мен ғимараттардағы концерт залдары
толымдылығы 30%-дан артық емес
ғимараттар мен құрылыстардағы, концертке арналған залдар
толымдылығы 10%-дан артық емес
27.
ХҚКО-ы
Жексенбі
ден басқа, уақыты сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін шектеліп, алдын ала жазылу бойынша
ХҚКО-ы
+
41.
Азық-түлік дүкендері, шағын маркеттер, зоодүкендер
+
Жобада жоқ
58.
Бұқаралық іс-шаралар (ойын-сауық, спорт, діни, отбасылық банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және сол сияқтылар, соның ішінде үйде өткізілетін), көрмелер, конференциялар, митингілер, шерулер, жиындар, форумдар және басқа.
–
* «ASHYQ» жобасына қатысушыларда -банкет залдарында өткізілетін еске алу шараларын қоспағанда
5. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
6. Осы қаулы 2021 жылғы 4 шілдеден бастап күшіне енеді.
Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ж. Бекшин