Коронавирус жұқтырған азаматтардың 80 пайызы екпе алмаған. Ал Алматы бойынша жалпы тұрғынның 40 пайызы вакцина салғызбаған. Ресми деректі қаладағы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ұсынды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Бүгін Алматы қаласында санитарлық бас дәрігердің қолы қойылған қаулысы күшіне енді. Ол қаулыға байланысты көпшілік жерлерде бетперде тағу кеңес берілген және абсолютті түрде денсаулығына байланысты екпе алуға болмайтын адамдар оқшауланады. Қашықтан жұмысқа көшіріледі және аурулармен жақын қарым-қатынаста болғандар оқшауланады. Қашықтан жұмысқа көшіріледі. Енді мониторингтік топтарға келетін болсақ, ведомствоаралық комиссиянның шешімімен енгізілетін болады. Әзірше бұл мониторигтік топтардың жұмысы жанданған жоқ», – деді Аса қауіпті инфекцияларды және туберкулезді эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы Саят Кәумет.
Алматыда анықталған штамм қандай?
«Бұл аурудың маусым-шілде айында өршіп тұрған себебі, біріншіден, стеллс омикрон халықтың арасында жүріп жатыр. Екіншіден, вакцина алған ұжымдық иммунитет төмендеп кеткен. Сондықтан, аурудың өршуі байқалды және де жазғы демалысқа байланысты халық бір-бірімен қарым-қатынасы көбейген, каникулға балалар шыққан. Сол себепті аурудың өрши түсті», – деді Аса қауіпті инфекцияларды және туберкулезді эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы Саят Кәумет.