Қалада 5 шілдеде күшейтілген шектеу шаралрының енгізілуі нәтижесінде эпидемиологиялық ахуал тұрақтанды. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» телеарнасындағы Aкimat Live бағдарламасының тікелей эфирі барысында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануы КВИ-мен күресуге қатысқан клиникалардың бұрынғы жұмыс режиміне біртіндеп көшулеріне мүмкіндік берді. Б. Сағынтаев хабарлағандай, №4 және 7 қалалық емханалар өздерінің негізгі бағыттары бойынша толық жұмыс істей бастады. Ал қалғандары өздерінің негізгі жұмыстарына кезең-кезеңімен оралады.
Атап өтерлік жайт, күзгі-қысқы маусымда індеттің жаңа толқынының болуы мүмкін екенін ескере отырып, стационарлардың ковидті госпитальдер режимі бойынша жұмыс жасауларының жоспары әзірленді.
«Күніне шамамен 200 госпиталь жұмыс істейтін болады. Індет шарықтаған кезде біз 500-ге жуық науқасты ауруханаларға жатқыздық. Бұл қаланың медицина жүйесіне түсетін өте ауыр жүк. Індеттің жаңа толқынына қарсы іс- әрекет жоспарына сай стационарлар 2-3 күн ішінде ковидті науқастарды емдеуге дайын болулары тиіс», – деп атап өтті Б. Сағынтаев.
Сонымен қатар, жедел жұмыс істеу үшін медициналық көмектің алғашқы буыны – алғашқы медициналық-санитарлық көмек немесе емхана байланысы күшейтілуде. Учаскелік дәрігерлер созылмалы аурулары бар тәуекел тобындағы қалалықтарды бақылауға алулары тиіс. Ал бұл осы топтағы жұқтырушыларды дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді.
Жүргізілген сауалнамаларға сәйкес КВИ жұқтырғандардың стационарларға сырқаттың асқыну түрімен түскен, 55%-і үйде емделді; 31% – жеке клиникаларға, 14%-ы – тіркелген емханаларға, учаскелік дәрігерлерге барған.
«Осыған орай, біз КВИ белгілері пайда болған кезде не істеу керек, кімге және қайда жүгінуге болатындығы туралы нұсқаулықтар әзірледік. Амбулаториялық ем алатын әрі емханалар дәрігерлерінің бақылауында болатын науқстарды қажетті дәрі-дәрмектер препататтарымен қамтамасыз еттік. Осы мақсатта дәрі-дәрмектерді тұрақтандыру қоры құрылды, оған 5 млрд тг бөлінді», – деп түсіндірді қала әкімі.
Сонымен қатар, ПТР тестілеудің қуаттылығы артады. Бүгінгі күні 455 мың ПТР сынақтары өткізілді. Тестілеуден қала тұрғындарының шамамен 15-17%-і өтті. Бұл нақты эпидемиологиялық көріністі білуге және уақытында қажетті шараларды қабылдауға мүмкіндік береді.