|
08.12.2020 | 20:17
4283

Алматылық өнертапқыштар жаңа технология ойлап тапты

Ғалымдардың зерттеу жұмыстарын жүргізуіне бар жағдай жасалған

Алматылық өнертапқыштар жаңа технология ойлап тапты Almaty.tv

Алматылық өнертапқыштар жаңа технология ойлап тапты. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің зертхана мамандары адамның бетперде таққанын не тақпағанын анықтайтын электронды бағдарлама жасаған. Технология қалай жұмыс жасайды? Болашақта қандай орындарда пайдаланылады? Толығырақ Almaty.tv тілшісі баяндасын.  

Бұл –  ғылыми жұмыстармен айналысатын өнертапқыштардың зертханасы. Мұнда ғалымдардың зерттеу жұмыстарын жүргізуіне бар жағдай жасалған. Пандемия басталғалы мамандар қызу жұмысқа кіріскен. Нәтижесінде адамның бетперде таққанын не тақпағанын анықтайтын бағдарлама ойлап тапты.

«Маска тағу, қашықтық сақтау сияқты ережерді ұстану керек болғаннан кейін адамдардың масканы дұрыс тағуы және тақпасаң айыппұл салады деп жатыр. Осылардың бәрінің алдын алу үшін осы бағдарламаны жасап шығару ойға келген болатын», – деді зертхана қызметкері Ақсұлтан Мұхамбет.

Біз қазір бетперденің бар-жоғын анықтап беретін бағдарламамен жақынырақ танысатын боламыз. Егер сізде бетперде болса мониторда жасыл түс шығады, ал керісінше қызыл түс шықса бетперденің жоқ екенін білдіреді.

Электронды бағдарламаны жасауға 2 ай уақыт кеткен. Мұндай технологияны әлемде ең бірінші болып үнді ғалымдары ойлап тапқан еді. Ал, Қазақстанда жасалған алғашқы өнім осы.

«Мұндай жүйе Алматы әуежайында орнатылған. Бірақ ол Еуропа зерттеушілерінің өнімі болып саналады. Бұл жүйенің артықшылығы адамдардың арасындағы қашықтықты есептейді», – деді зертхана қызметкері Нұрдәулет Тасмұрзаев.

Зертхана ғалымдары бағдарламаны одан әрі дамытып келесі жылы іс жүзінде оқу орындарында сынап көрмекші. Егер бәрі сәтті аяқталса халық көп шоғырланатын орындарда қолданысқа еңгізбек.

Мерей Қанапиянов, Рашит Шүкірәлиев, «Алматы» арнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир