Бюджетке қатысу: Алатау және Наурызбай аудандарына 1 млрд 300 млн теңгеден бөлінді

Бюджетке қатысу: Алатау және Наурызбай аудандарына 1 млрд 300 млн теңгеден бөлінді
Бұл туралы шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Бюджетке қатысу» жобасы аясында Алматының Алатау және Наурызбай аудандарына 1 миллиард 300 миллион теңгеден бөлінді. Ал қалған 6 аудан бойынша жүзеге асатын жобаларға 800 миллион теңгеден беріледі. Бұл туралы шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қала әкімі сондай-ақ, биылғы «Бюджетке қатысу» жобасына 30 мың қала тұрғынының атсалысқанын жеткізді. Бұл былтырғы жылғы көрсеткіштен 3 есе артық.

«Бұл жоба нәтижелі жүзеге асты. Тұрғындар бұл біздің ұсынған жоба деп бүгінде мақтанышпен айтып жатыр. Былтыр 500 миллионнан берілсе, биыл 800 миллионға көтердік. Алатау, Наурызбай ауандарына, кейіннен қосылған аудандарға 1 миллиард 300 миллион бөлдік. Былтыр 3 мың адам дауыс беруге қатысты десек, биыл 30 мың қала тұрғыны бұл іске белсене араласты. Енді тек қадағалау қажет», – деді Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев.

Новости партнеров