Алматы «қызыл» аймақта
Қоғамдық көліктерде бетперде тағып жүру міндеттелгелі ауру жұқтырушылар саны 5 пайызға төмендеген, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алайда қала әлі де болса «қызыл» аймақта. Сондықтан карантин талаптарын сақтау маңызды дейді мамандар. Бүгін әріптестерім автобустарды арнайы аралап көрген еді көбісінде бетперде бар. Ал, кейбір жолаушылар камераны көргенде ғана тақты.
БЛИЦ:
- Жалпы бетперде тағып жүремін. Бірақ бүгін ұмытып кеттім. Қазір дәріханаға барған соң жаңасын сатып аламын.
- Иә, үнемі маска тағып жүремін. Алайда жаңа ғана лақтырып тастап едім. Қазір түскен бойда маска аламын.
Ал, жүргізушілер болса маска тақпаған жолаушыларға үнемі ескертіп отырамыз дейді. Алайда олардың арасында вакцина салдырдым деген желеумен бетперде тақпайтындар да бар екен.
«Ескерту береміз, қырылысамыз. Соның өзінде тыңдамайды. Мен рөлде отырам ба, болмаса салонға барып олармен сөйлесіп отырамыз ба? Біреулерді шама келгенше түсіріп тастаймыз. Біреу көнеді, біреу көнбейді», – деді автобус жүргізушісі.
«Көбісі мұрнына түсіріп алады, болмаса әртүрлі жағдай көп қой. Бәріне ескерту жасайсың. Бәріне бірдей үлгермейсің», – деді автобус жүргізушісі