Алматыда 15 мыңға жуық адам тестілеуден өтті

Reuters
Reuters
Алматыда төтенше жағдайды ұтымды пайдаланып, қалта қамын күйттеген дәріханалар анықталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда төтенше жағдайды ұтымды пайдаланып, қалта қамын күйттеген дәріханалар анықталды. Тексеру кезінде, 5 дәріхана препараттардың бағасын негізсіз көтерген, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қойған бағасы шекті межеден асқандардың ісін енді сот қарайды. Бұл туралы қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова мәлімдеді. Жауаптылар карантин кезінде қажетті әлеуметтік маңызы жоғары 103 дәріні тізімге алған. Сол препараттардың бағасын көтермеу туралы құжат әзірлеп, меморандумға қол қойған. Айта кетейік, мамандар бас-аяғы 135 дәрі сататын нысанға мониторинг жасаған. Сондай-ақ, қаланың бас санитары пандемия кезінде тест тапсырудың жалғасып жатқанын айтты.

«Бүгінгі күнде тест тапсыру, жұмысы жалғасып жатыр. 15 мыңға жуық тестілеу жүргізілді. 122 адам коронавирус инфекциясына шалдыққаны анықталды. Тестілеу бұйрық бойынша жүргізіледі. Оның ішінде ауырған адамдар, байланысқа түскен адамдар дейміз. Алыс шетелден келген азаматтар. Сонымен қатар, біз медициналық қызметкерлердің бәрін тексеріп шықтық. Оның арасында эпедимиологтар, дәрігерлер бар. Блок-бекет қызметкерлері, полиция, Ұлттық гвардия, Қорғаныс министрлігінің қызметкерлеріне де жүргізіп жатырмыз», – деді қалалық Tауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат МОЛДАҒАСЫМОВА.  

Ал, Алматы дәріханаларында медициналық маска мен антисептик құралдары жеткілікті. Жағдайды бақылауда ұстау үшін күн сайын тексеру жүргізіледі. Қалада өндірушілер 70 дәріханаға жеткілікті деңгейде әрі қолжетімді бағада бетперде жеткізіп жатыр. Бүгінде дәрі сататын орындарда оның саны 250 мыңнан асып жығылады. Келісім бойынша бір адамға он данадан артық берілмейді. Оған қоса, құны республика бойынша ең төменгі бағада саудаланады деді Айзат Молдағасымова. Нақты айтсақ, дәріханаларда үш қабатты медициналық маска 87 теңге, ал фильтрі бары 111 теңге деп бекітілген.

Новости партнеров