Бақытжан Сағынтаев короновирустың алдын-алу жөнінде өңірлік штаб отырысын өткізді

12.03.2020 02:04

Қала басшысы короновирустық инфекция тіркелген жағдайда дереу әрекет ететін алгоритм әзірлеуді тапсырды

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев короновирустың алдын-алу жөнінде өңірлік штаб отырысын өткізді. Шарада осы салаларға жауапты тұлғалардың есептері тыңдалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Абырой болғанда, Алматыда коронавирус тіркелген жоқ. Бүгінде сырттан келген 490 адам стационарларда ем қабылдаса, тағы 407 адам үйдегі карантинге алынған. Өз кезегінде,  Бақытжан Сағынтаев қала тұрғындарын диагностикалық тесттермен қамтуды, медициналық санитарлық-эпидемиологиялық қызметкерлердің жауапты болуын талап етті. Отырыс соңында қала басшысы короновирустық инфекция тіркелген жағдайда дереу әрекет ететін алгоритм әзірлеуді тапсырды.