Алматыда карантин талаптарын сақтамаған орындар азаймай тұр

Алматыда карантин талаптарын сақтамаған орындар азаймай тұр
Қала «қызыл» аймақта болғандықтан рейд жұмыстары күні-түні жүргізіліп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда карантин талаптарын сақтамайтын сауда орындары азаймай тұр. Соған байланысты Әуезов аудандық мониторингілеу тобы жергілікті ойын-сауық орталықтарда тексеріс жүргізіп, санитарлық талаптарды сақтамаған дүкендердің жұмысын әшкереледі, деп хабарлайды Almaty.tv

Бүгін Әуезов аудандық мониторингілеу тобы Қабдолов көшесінің бойында орналасқан сауда орталығында тексеріс жүргізіп, карантин талаптарын сақтамаған дүкеннің үстінен түсті. Анықталғандай сауда орны шектеулі уақытқа қарамастан жұмысын тоқтатпағаны өз алдына, тұтынушылар арасындағы арақашықтық сақталмаған.  

Кейін мамандар дүкен әкімшісіне хаттама толтырып әрі қарай жауапты органға жолдады. Айта кетейік, барлық сауда орнына кешкі 5-ке дейін ғана жұмыс істеуге рұқсат.

«Қазіргі таңда эпидахуалдың өршуіне байланысты мобильдік топтың жұмысы күшейтілген. Аудан бойынша 6 мониторингтік жұмыс істеп жатыр. 3-уі күндіз, қалған 3-уі түнде шығады. Әрі қарай жұмысымыз жалғаса береді», – деді Әуезов аудандық кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің бас маманы Айбек Әлишәріпов.

Одан бөлек мамандар маска тақпаған келушілер мен орталық қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ескерту айтты.

«Кәсіпкерлерге айтқым келетіні маска режимі, арақашықтықты сақтау секілді карантин талаптарын сақтап, тұтынушыларыңызға бетпердемен ғана кіруге рұқсат етіңіздер. Қала «қызыл» аймақта болғандықтан індет жұқтыру қаупі әлі де жоғары», – деді Әуезов ауданы кәсіпкерлер палатасының директоры Дінмұхамед Қонысбек.

Айта кетейік қала «қызыл» аймақта болғандықтан рейд жұмыстары күні-түні жүргізіліп жатыр. Статискаға сүйенсек Әуезов аудандық мониторингілеу топтары жыл басынан 4 мыңнан астам мекемені тексеріп, 373 заңды тұлғаға хаттама толтырған.

Мерей Қанапиянов, Сағындық Нарықов «Алматы» телеарнасы.

Новости партнеров