Бұл туралы Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов мәлімдеді
Қазақстандықтардан ұшаққа отырарда COVID-19-ға анықтама талап етілмейтін болды. Бұл туралы Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оның сөзінше, бұған он күн ішінде жүргізілген мониторингтің нәтижелері себеп болған.
«2020 жылдың 1-10 мамыры аралығында жүргізілген мониторинг нәтижесі бойынша әуе кемесімен ұшып келген жолаушылар, әуежай қызметкерлері мен әуе кемесінің экипаждары арасында коронавирус инфекциясын жұқтыру оқиғалары тіркелген жоқ. Сондықтан биылғы жылдың 11 мамырынан бастап жолаушылар, әуежайлар қызметінің өкілдері және экипаж үшін COVID-19 инфекциясына ПЦР тесттен өту міндетті талабы алынып тасталды», – деді ҚР Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас БАЙҒАБЫЛОВ.