Онлайн оқуға көшкен білім алушылар білім алу жолында біраз қиындықтың болатынын айтты

Онлайн оқуға көшкен  білім алушылар  білім алу жолында біраз қиындықтың болатынын айтты
Елімізде енгізілген төтенше жағдайға байланысты оқу ордалары онлайн оқуға көшкен
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Онлайн оқуға көшкен  білім алушылар, білім алу жолында біраз қиындықтың болатынын айтты, деп хабарлады Almaty.tv.

Жәй күндері адам аяғы арылмайтын оқу ордаларында қазір өлі тыныштық. Елімізде енгізілген төтенше жағдайға байланысты, оқу ордалары онлайн оқуға көшкен. Қазір білім мекемелері толықтай дезинфекцияланып, жабық тұр. Десе де білімгерлер білім алу жолында біраз қиындықтың болып жатқанын айтуда.

Иә, алғашқы мәселе студенттермен байланыстың нашарлығы. Ол  алдымен интернет желісі. Одан соң оқуға қажетті компьютер сынды құрылғылардың болмауы. Бүгінде бұл жағдайдан ауылдық жерлерде тұратын студенттер қатты қиналып жатқан көрінеді.  

«Кейбір тым шеткері тұратын білімгерлер үшін, желінің дұрыс тартпауы сынды қиындықтар туып жатқаны рас. Мен өз жеке басым үйде отырып жібере алуға болатын тапсырмаларды, ұялы телефон арқылы жіберіп жатырмын. Ал, СӨЖ сияқты жұмыстар вайфай, компьютер интернет желісін талап етеді ғой», – деді ТарМПУ 1-курс студенті Аяулым БАЙСЕЙТ. 

«Ең бір қиын жағдай деп айтатын болсақ, бұл - ауылды жерде тұратын, интернет желі дұрыс ұстамайтын ауылдардағы студенттерге өте бір қиындық алып келеді деп айтсақ болады. Себебі сіз онлайн оқу түрінде үнемі міндетті түрде, әр күн сайын порталға кіріп отыруыңыз керек», – деді ТарМУ 3-курс студенті Еламан ЮСУП. 

Бүгінде Жамбыл облысында жалпы саны 48 мыңға жуық студент болса, оның 23 мыңнан астамы ЖОО-да білім алады. Ал, 24 609 білімгер облыстағы колледждерде оқуда. Төтенше жағдайға байланысты Облыстық білім басқармасы қашықтан оқыту үшін арнайы сайтты құрғандарын айтады. Дегенмен мұны тек колледж студенттері қолдана алады. Сонымен қатар, қашықтан оқытудың білім сапасына әсерімен бөлісті.

Өткен аптада 160 балаға жуық бала қосыла алмай отырмыз деген болатын. Бірақ бүгін ол проблема шешілді.  

– Тиімді ме? Жалпы білім сапасы төмендеп кетпей ме?

– Енді білім сапасы дегенде... Әрине,  ол енді білім ошағында жұмыс істеген, оқыған бөлек. Ал, қышықтан оқыған мүлдем бөлек. Бұл бала үйінде оқып жатыр деген сияқты. Тиімді болсын, тиімсіз болсын жағдай осындай енді. Төтенше жағдай кезінде біз барлық күш жігерімізді салып жатырмыз.   Мұғалімдердің барлығын осыған ұйымдастырып жатырмыз. Басқа мүмкіндік жоқ ондай», – деді Жамбыл облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Талғат ЖАМАЛОВ.

Сала мамандары  білім сапасын барынша қадағалаймыз,  деуде. Ал, қашықтан оқытуды елдегі төтенше жағдай режимі басылғанша жалғастырмақ. Амал сол. Дегенмен жергілікті билік алыс ауыл-аймаққа сапалы коммуникация пен интернет апармай, ұстаздардың сонша жұмысы зая кететін секілді.

Мерей Бает, Олжас Ерғали  

«Алматы» телеарнасы

Новости партнеров