Алматыда мейрамхана бизнесімен айналысатын кәсіпкерлер қайырымды іс жасауда

kk.unansea.com
kk.unansea.com
Олар еліміздің басына қиын сәт түскен кезде жалпыға ортақ ережені ұстауға шақырды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда мейрамхана бизнесімен айналысатын бір топ кәсіпкер қайырымды іс жасауды бастады, деп хабарлады Almaty.tv.

Олар тауар өндірушілермен келісіп, тәулік бойы жұмыс істеп жатқан дәрігерлерге қол ұшын созуды көздеген. Кәсіпкерлер күніне 1000 медициналық қызметкерді шырын, сүт өнімдерімен қамтамасыз етіп жатыр. Еліміздің басына қиын сәт түскен кезде жалпыға ортақ ережені ұстауға шақырды. Қайта мүмкіндік болса, игі бастамаға қосылатындар саны артса деген игі тілегін айтты.

«Әрине, мен кәсіпкерлердің жағдайын жақсы түсінемін. Шығынға батқаны сөзсіз. Дегенмен осындай сәтте пайданы емес, бас амандығын ойлаған маңызды. Баршаға қойылған тәртіп бір. Көпшілік жиналған жерде қауіпті індетті жұқтыру ықтималдығы да жоғары. Сондықтан  сабырлық танытайық! Ал ережеге бағынбаған мейрамхана мен кафелердің жұмысын қолдамаймын», – деді ҚР Рестораторлары клубының жетекшісі Гүлнәр КАТИБАЕВА.

Ескерте кетейік, кафе мен мейрамхананы оқшаулау кезінде  тапсырысты онлайн қабылдап, үйге жеткізумен айналысуға ғана рұқсат берілген. Егер ашық болса, кәсіп иелеріне әкімшілік іс қозғалады. Жағдайды бақылау үшін прокуратура, әкімдік және еріктілерден жиналған мобильді топ құрылды. Олар тәулік бойы жағдайды бақылауға алады.

Новости партнеров