|
02.04.2020 | 21:10
1976

БҰҰ: G20 мемлекеттері өз ішінде індетті жойып, дамушы елдерге көмекке келуі тиіс

Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш өз баяндамасында мәлімдеді

БҰҰ: G20 мемлекеттері өз ішінде індетті жойып, дамушы елдерге көмекке келуі тиіс Reuters

Короновирус пандемиясы салдарынан миллиондаған адам экономикалық қиындықтарға тап болды. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш өз баяндамасында мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Айтуынша, әлемді жайлаған індет салдары, әсіресе, дамушы елдерге айтарлықтай қиындық туғызуда. Осыған орай бас хатшы Біріккен Ұлттар Ұйымында COVID-19 пандемиясынан кейін қалыпқа келу қоры құрылғанын хабарлады. Сонымен қатар, ұйым өкілі әлем бойынша қай салалардың тоқырауға ұшырап, қанша адамның жұмыссыз қалатындығын да болжады.

Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы өз баяндамасында бірқатар ұйым мекемелерінің мәліметтерін келтірді. Мәселен, халықаралық Электр байланысы одағы 3,6 миллиард адам интернетсіз қалатынын ескерткен. Ал, ЮНЕСКО 1,5 миллиард бала оқи алмайды деп қауіптеніп отыр. Алайда, Бас хатшының пікірінше, адамзат баласы біріге әрекет еткен жағдайда бұл қиыншылықтарды артта қалдыратынына сенімді.

БҰҰ-ның ресми сайтында жарияланған баяндамада бас хатшы бірқатар түйткілдер бойынша қалпына келтіру жоспарын ұсынды. Олардың ішінде экономиканының жаһандық жалпы ішкі өнімнің 10 пайызына ынталандыру жоспарын қабылдауды, шағын және орта бизнесті қолдауды және халықтың ең осал топтарына көмектесу бар. Сондай-ақ, бас хатшы әлемдік қиын сәтте адамзат баласының бірігуі аса маңызды екенін атап өтті.

«Коронавирус пандемиясы – қазіргі кезеңге көп өзгерістер алып келді. Кейінгі ұрпақ әр мемлекеттің аталаған індеттің зиянымен қалай күрескенін сұрамайды. Олар бізден осы қиындықта барша адамзат баласының игілігі үшін қалай бірігіп, қалай жұмыс істегенімізді айтатын болады», – деді БҰҰ Бас хатшысы Антониу ГУТЕРРИШ.

Антониу Гутерриш «Europnews» телеарнасына берген сұқбатында дамыған елдер бұл індетті тезірек жеңіп, дамушы елдер көмекке зәру болатынын атап өтті. Сондай-ақ әлем бойынша бизнестің тоқырамауына басымдық берілуі тиіс. Пандемия кесірінен 5-тен 25 миллионға дейін адам жұмыс орнынан айырылуы мүмкін.

«Бұл үшін әрине нақты стратегиялық жоспарлар жасалуы тиіс. Оның алдыңғы шарттары вирусты жоюға күш салып, тезірек экономиканы көтеру. Осылай жалғасқан жағдайда біз қиындықтан біртіндеп шығатын боламыз. Ол үшін індетті жаншып, ошақтарын жоюуымыз керек. Әлемнің дамыған және өнеркәсіптік экономикасына ие G20 мемлекеттері өз ішінде індетті жойып, дамушы елдерге көмекке келуі тиіс. Әзірге жаһанды жайлаған індетті бақылауда ұстау бәріміздің міндетіміз», – деді БҰҰ Бас хатшысы Антониу ГУТЕРРИШ.

Тыңғылықты талдау жасаған БҰҰ-ның «Сауда және даму жөніндегі конференциясы» ұйымының болжауынша тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 40 пайызға азаюы мүмкін. Ал, Дүниежүзілік туристік ұйымы шетелдік сапарлардың саны 20-30 пайызға төмендейді деп отыр. Еліміздің сарапшылары да мұндай жаhандық проблема туындайтынын жоққа шығармайды. Тіпті жаһандық экономикалық құлдырау болуы мүмкін деген пікірде.

«БҰҰ келтірген сараптамасына жасайтын басты қортынды, яғни короновирустың салдары терең әрі түбегейлі болмақ. Және короновирустан кейінгі әлем өзгеше әлем болады. Осы жылы рецессия АҚШ, Еуропа мемлекеттерінің барлығында дерлік байқалуда. Ресейде осы коронавирусқа қатысты карантиннің кесірінен рецессияға ұшырамақ. Осындай болжамдар бар. Сондықтан пандемия аяқталғанның өзінде де біз ұзақ уақыт осы негативті ықпалды сезінетін боламыз», – деді халықаралық сарапшы Жұмабек САРАБЕКОВ.  

2020 жылы әлемдік экономиканы талдаушылар, енді коронавирустың мына қарқынына қарап жаһан жыл соңында 4 трлн доллардан қағылуы мүмкін деген болжам жасап отыр.

Қуан Нұрақын, Мұрат Тайжан, «Алматы» телеарнасы


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир