Cауалнама қорытындысы: Қазақстандықтар COVID-19 індетінің қауіптілігіне сенбейді

01.07.2020 02:12

Сауалнамаға 19 елде шамамен 20 мың адам қатысқан

Фото AP / TASS

Қазақстандықтар COVID-19 індетінің қауіптілігіне әлі де болса сенбейтін тәрізді. «Ромир» және «Gallup International» компаниялары жүргізген халықаралық сауалнамаға сүйенсек, Босния және Герцеговина халқының 66 пайызы, Қазақстанның 61, Молдова мен Болгарияның 58 пайыз халқы коронавирустың қауіптілігіне бей-жәй қарайды, деп хабарлайды Almaty.tv. 

Ресейде бұл көрсеткіш 46 пайызды құрап отыр. Ал, коронавирустың қауіпті екеніне күмән туғызбайтын елдердің ішінде Жапония, Оңтүстік Корея және Ұлыбритания көш бастап келеді. Сондай-ақ, қауіпті вирус жұқтырамын деп үрейленетіндер саны Филиппин мен Гонконгта да басым көпшілікті құрайды. Зерттеу наурыз айында басталып, екінші мәрте сәуірде, үшінші рет маусымның бірінші жартысында өткізілген. Оған 19 елде шамамен 20 мың адам қатысқан.

ГРАФИКА 1

COVID-19 инфекциясының қауіптілігіне сенбейтіндер:

Босния және Герцеговина 66%

Қазақстан 61%

Молдова 58%

Болгарияда 58%

Ресейде 46%

Жапонияда 18%

Ұлыбритания 15%

Оңтүстік Кореяның 15%

ГРАФИКА 2

COVID-19 инфекциясын жұқтырып алудан қорқатындар:

Филиппин 84%

Гонконг 80%

Аустрия 42%

Болгария 51%