Медеу ауданының бірнеше дүкені мен қоғамдық тамақтану орындарында санитарлық талаптар сақталмаған. Адам көп жиналатын жерлерде санитарлық талаптар былай тұрсын, тексерушілер тазалық жұмысының өте төмен деңгейде екенін айтады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Медеу ауданында санитарлық талаптарды орындамаған дүкендер көп. Алдымен көпшілік тамақтанатын дәмханаға келген санитар мамандар мұнда бірнеше құқық-бұзушылықты анықтады. Үстелдердің арақашықтығы тым жақын, антисептіктің құрамы күмән туғызады. Клиенттердің дене қызуын өлшейтін құрылығыны мүлде көз шалмады. Дәмхана иесінен санитарлық талаптардың не себепті сақталмағынын сұрағанымызда аузына құм құйылды.
Аялдама жанында орналасқан мына дәмханада иін тірескен адам. Тоқаш пен бәліш алу үшін тұрғындар тіпті кезекте тұр. Ал, тазалық шарасы мен санитарлық талаптар мүлдем сақталмаған. Тексеру тобы дәмханаға кірген бетте бірнеше талаптың бұзылғанын көрді. Антисептік құтысы босап қалған. Қызметкерлер оның жаңа ғана біткенін айтып ақталды.
Санитар мамандардың айтуынша, ірі-сауда орындарында карантиндік талаптар сақталады да, ал, шағын дүкендердің оны елегісі жоқ. Бүгінге дейін Медеу ауданында 180 шағын және орта бизнес нысандарына тексеру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 46-сы өз жұмысын тоқтатты.
«Райымбек-Пушкин көшелер қиылысындағы объектілерді тексерген жағдайда көбісінде санитарлық нормаға сәйкес емес. Соның ішінде санитайзерлердің болмауы,тепловизорлары және журналдары жоқ, оны жазып жатқан. Сол себепті бұл объектілер бүгінгі таңда жабылды», – деді Медеу ауданды Кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті дамыту бөлімінің басшысы Қайрат Нуркасымов.
Осылайша, бүгін санитар мамандар тексеру жүргізген аудандағы 4 нысанның есігіне құлып салынды. Мұндай қатаң тексерулер карантин аяқталғанға дейін жүргізіле бермек.
Ұлағат Арғын, "Алматы" арнасы