Жаңа Зеландияда екі айда бір адам ғана коронавирус жұқтырған

Фото: liter.kz
Фото: liter.kz
56 жастағы әйел жақында Еуропаға барып келген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жаңа Зеландияда екі айда бір адам ғана коронавирус жұқтырған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Коронавирус табылған әйел – 56 жаста. Ол жақында ғана Еуропаға барып келген. Елге оралған соң коронавирусқа тест тапсырған.   COVID-19 анықталған кейін, ол оқшаулау орталығына жатқызылды. Коронавирус Жаңа Зеландияда соңғы рет 21 қарашада тіркелген еді.  

«Науқастың коронавирустың қандай штамына шалдыққаны әзірге белгісіз. Онымен араласқан басқа адамдардан да тест алынып, барлығы карантинге жабылды. Бүкіл ел бойынша дабыл қағуға әлі ертерек. Бірақ халыққа тиісті ақпаратты жедел жеткізіп отырамыз. Тұрғындарға айтар өтінішім, денсаулығыңыздан кінәрат шығып, өзіңізді жайсыз сезіне бастасаңыз, тез арада тест тапсырып, нәтижесі белгілі болғанша үйде отырыңыз», – деді Жаңа Зеландияның COVID-19-ға жауапты министрі Крис Хипкинс.

Новости партнеров