COVID-19 індетінен көз жұмған науқастардың өліміне созылмалы сырқаттары да себеп болуда

26.04.2020 в 02:26

Бұл туралы Алматы қаласының Мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн-брифингте айтт

unn.com.ua

Коронавируспен ауырғандар арасындағы көз жұмған науқастардың өліміне созылмалы сырқаттары да себеп болуда, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы Алматы қаласының Мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн-брифингте айтты.

«24 сәуірдегі жағдай бойынша инфекциядан көз жұмған 8 жағдай тіркелді. Жасы 56-89 жас аралығындағы 4 ер және 4 әйел. Орташа жастары – 66. Оларда қант диабеті, семіздік, жүректің ишемиялық ауруы, артериялық гипертензия, бауыр циррозы сияқты созылмалы кеселдері болған. Өлім-жітім жағдайын зерделеу мақсатында қалада арнайы комиссия құрылған. Комиссия мүшелері тарапынан талдаулар жүргізіліп, өлімнің негізгі себебі анықталады. Қайтыс болған 5 науқастың өліміне созылмалы аурулары себепкер болған. Инфекциядан сауығып шыққандардың арасында екі жақты пневмониямен ауыратындар болды, ол науқастарды емдеу курсы 14 күннен асып жығылды. Созылмалы аурулары бар науқастардың арасында қатерлі инфекциядан емделіп шыққандар қазіргі таңда олар амбулаториялық-емханалық қызмет өкілерінің жіті бақылауында», – деді Ж.Бекшин.

Сондай-ақ, спикер індет ошағы болып саналатын Орталық қалалық клиникалық ауруханасында атқарылып жатқан сауықтыру шараларына тоқталып өтті.

«Орталық қалалық клиникалық ауруханасы жабылған күннен бастап біз онда сауықтыру іс-шараларын жүргізіп жатырмыз. Бірінші кезекте залалсыздандыру жұмыстарына мән беріледі. Кеше дезинфекциялау жұмыстыраның бірінші кезеңі аяқталды. Ұсақ дисперсті бүрку әдістерімен барлық палата, емдеу-емшара жасау бөлмелері, жалпы ғимарат түгел дезинфекцияланды. Бүгін екінші кезеңі басталды. Сондай-ақ, желдету жүйелері залалсыздандырылды. Ғимарат кезең-кезеңімен, толығымен дезинфекияланып біткен соң, мұнда тек инфекция жұқтырған науқастар ғана қабылданатын болады. Егер қазіргідей төтенше жағдай мәжбүрлеп жатса, бұл нысан провизорлық орталық ретінде де пайдаланылуы мүмкін», – деді Ж.Бекшин.