Әлемді әуреге салған тәж тажалдан елімізде 21 адам айықты

jpgazeta.ru
jpgazeta.ru
Коронавирус індетін жұқтырғандар саны 300-ден асып кетті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде коронавирус індетін жұқтырғандар саны 300-ден асып кетті. Дәлірек айтсақ, 302 адамнан аты жаман ауру анықталған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Нұр-Сұлтан қаласында 168 жағдай тіркелсе, Алматы қаласында  73  адамнан коронавирус індеті анықталған.  Шымкент қаласында 2. Қауіпті індет өңірледе өршіп барады. Атырау облысында 12 адам жұқтырса, Қарағанды облысында 13 болды. Ал, Ақмола облысында 9-ға жетті. 

Алматы облысында 8,  Жамбыл облысында 3, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында 2 адамнан тіркелді. Маңғыстау, Павлодар мен Солтүстік Қазақстан облысында коронаврус жұқтырғандар 1 адамнан. Әлемді әуреге салған тәж тажалдан 21 адам жазылып шыққан. 

Нұр-Сұлтанда 14 болса, Алматы қаласында 7 азамат аурудан айықты. Өкінішке қарай, коронавирус бір адамның өмірін жалмаған еді.

Новости партнеров