Қазақстанда коронавирустан тағы 7 науқас көз жұмды
Фото: Кирилл Зыков / АГН «Москва»
Елімізде COVID-19 індетінен барлығы 88 адам қайтыс болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қазақстанда коронавирус індетінен 7 науқас көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметіне сілтеме жасап.
Атап айтқанда:
Түркістан облысы – 1945 және 1974 жылдары туған ер азаматтар;
Батыс Қазақстан облысы – 1932 жылы дүниеге келген әйел және 1941 жылы туған ер адам;
Қарағанды облысы – 1949 және 1939 жылдары дүниеге келген ер азаматтар;
Алматы қаласы – 1965 жылы дүниеге келге ер адам.
Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады.
Айта кетсек, Қазақстан бойынша барлығы 88 адам COVID-19 індетінен қайтыс болды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
02.11.2026 08:11
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33
Суыққа аллергия деген не және одан қалай сақтануға болады
01.11.2026 10:52