Қазақстанда төртінші адамнан коронавирус табылды

Фото: South China Morning Post.
Фото: South China Morning Post.
Алматыда тағы бір Қазақстан азаматы коронавирус инфекциясын жұқтырғаны белгілі болды, ол да Германиядан келген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

 Қазақстанда төртінші адамнан коронавирус табылды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп.

"Германиядан ұшып келген 76 жастағы Қазақстан азаматынан коронавирус табылды. Ол ауруханаға жеткізілді, емделіп жатыр", - деді Ахметшәріп "Қазақстан" телеарнасындағы "Ашық алаң" бағдарламасында.

Бұған дейін Алматыда екі адам коронавирус жұқтырғаны анықталған болатын – олар Германиядан ұшып келген, сондай-ақ Нұр-Сұлтанда Миланнан келген әйелден қауіпті инфекция табылды.

Диас Ахметшәріп ерлі-зайыпты Мәскеу арқылы ұшып келгенін, әйелден коронавирус анықталғанын айтты.

Коронавирус табылған алғашқы науқас 9 наурызда, екінші және үшіншісі (Миланнан келген әйел) 12 наурызда келген.

Дереккөз: Sputnik.

Новости партнеров