Алатау ауданындағы кәсіпкерлер санитария талаптарын орындауға асығар емес

18.06.2020 02:58

Алатау ауданындағы ахуал жақсы емес

Аlmaty.tv

Алатау ауданындағы ахуал жақсы емес. Кәсіп иелеріне талай рет ескерту айтылып, айыппұл салынса да, тиісті талап сақталмайды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл жолы тексеруші топ аралаған азық-түлік, ет, жеміс-жидек өнімдерін сататын орындардың бірі ережені ескерсе, кейбіреуінде мүлдем тазалық нормасы сақталмаған. Мәселен, дүкен қызметкерлері әр үш сағат сайын бетпердені, қолғапты күніне 2 рет жаңалап отыруы тиіс. Алайда дүңгіршектердің ешқайсысында санитарлық құралдардың қоры болмай шықты. Ал, антисептік бар дүкендер саусақпен санарлық.

«Біз бүгінгі аралаған объектілер толық санитарлық талаптардың орындалмағанына көз жеткіздік  және басшылардың алдағы таңда жауапкершілікті қатаң түрде сақтағаны дұрыс», – деді Алатау ауданды Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қаупсіздігін бақылау басқармасының жетекші маманы Үміт Сариева.