«Алматы» телеарнасы мен Әл-Фараби атындағы ҚазақҰУ меморандумға қол қойды

18.06.2020 03:23

Болашақта медиа саласында білімін шыңдау үшін студенттерге тағылымдамадан өтуге мүмкіндік беріледі

Almaty.tv

Бүгін «Алматы» телеарнасы мен Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университет меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Енді тараптар журналистика саласында бәсекеге қабілетті мамандар даярлау үшін күш біріктіреді. Ынтымақтастық аясында екі жақ ортақ жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асырады. Болашақта медиа саласында білімін шыңдау үшін студенттерге тағылымдамадан өтуге мүмкіндік беріледі.