|
04.07.2020 | 22:01
2372

«Карантин режимін сақтаңыздар, менің де демалғым келеді». Алматыда осындай плакат ұстаған белгісіз жан арбатта акция жасады

Оның қолындағы антисептик құралы мен бір бума бетперде, акция соңына дейін таусылып үлгерген

«Карантин режимін сақтаңыздар, менің де демалғым келеді». Алматыда осындай плакат ұстаған белгісіз жан арбатта акция жасады almaty.tv

«Карантин режимін сақтаңыздар, менің де демалғым келеді». Алматыда осындай плакат ұстаған белгісіз жан арбатта акция жасады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. Қолына санитариялық  құралдар ұстаған азамат дәрігердің қорғаныш костюмін киіп алған.  

Адам көп шоғырланған жерге баруға болмайды деген түсіндірме күн сайын айтылса да көпшілік аса елемей жатқаны байқалады. Себебі жүргіншілер аймағында серуен жасап жүргендер көп. Ал, түгелдей бүркеніп алған бейтаныс жанның ерекше ісі біреуді сүйсіндірсе, енді бірі оны көзге ілмеді.

БЛИЦ:  

– Алыстан келе жатқан да қызық болды, кім отыр деп ойладым. Дәргіерлерді аядым негізі. Адамдар өздерін қорғауы керек.

– Адамдар көбісі түсініп жатыр негізі. Қазір қарасаңыздар маска кимейді. Сол үшін осы адам өз ойын дұрыс жеткізгісі келеді.

– Әлеуметтік арақашықты сақтаңыздар, маска киіңіздер деп, халықтың денсаулығын ойлап отыр ол кісі.

Көптеген өтініштерден кейін бейтаныс жан кішігірім сұқбат беруге келісті. Алайда аты-жөнін құпия етіп қалдыруды жөн көрді. Оның айтуынша наразылық акциясын ұйымдастыруға тұрғындардың карантин ережелеріне бейқам қарауы түрткі болған.  

Мен осы акция арқылы күн-түн демей адам денсаулығын арашалап жатқан дәрігерлерге алғысымды білдіргім келді. Барлық қиындықтарға қарамастан олар аянбай еңбек етуде. Сондай-ақ, ел азаматтарына бұл індеттің ойыншық емес екенін еске салсам деймін. Қаншама адамның өмірін алып кетті.

Ақ халаттылардың жанашыры Арбаттың ортасында тапжылмай 3 сағат бойы отырыпты. Оның қолындағы антисептик құралы мен бір бума бетперде, акция соңына дейін таусылып үлгерген. Ал, мамандар шыныменде індеттің қауіпті екенін сәт сайын ескертіп жатыр. Сондықтан әркім тіпті өзге емес өз жақынына жанашыр болғысы келсе қоғам алдындағы жауапкершілігін ұмытпаған жөн дейді.

Сымбат Ноғай, Айдос Байназаров, «Алматы» телеарнасы.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир