Босаңсыған тұрғындардың басым бөлігі көшеде бетперде тақпайтын болған
Алматыда карантин режимі жеңілдетілгенмен, сақтық шараларын ұстану міндет. Осылай деген Алмалы ауданының мониторинг тобы халыққа түсіндірме жұмысын жүргізді. Өйткені босаңсыған тұрғындардың басым бөлігі көшеде бетперде тақпайтын болған. Мониторинг кезінде тағы қандай олқылықтар анықталды? Толығырақ Almaty.tv тілшісі Жадыра Омаржан тарқатады.
Алмалы ауданы әкімдігі тазалық мамандары мен тәртіп сақшылары түсіндірме жұмысын Арбаттан бастады. Мониторинг кезінде халықтың басым көпшілігі бетперде тақпайтыны анықталды. Маскасы болса да өзі үшін емес, бір топ маманды көргенде іле-шала асығыс іздегендер көп болды. Басым көпшілігі бетпердені иекке иілсе, біразы қалталарына салып қойған.
Мониторинг тобы халық карантин режимі жеңілдетілді дегенді осылай қате түсінген дейді. Сондықтан мамандар әрқайсысына ережені қайта айтуына тура келді.
Ал, мына жігітте тағатын маскасы болмай шықты. Бастапқыда мамандардың сөзін құлаққа ілмеген ол кейін дәріханадан бетперде сатып алып келді. Мониторинг тобы аулаларды да аралап, дүйім елге сақтық шараларын естен шығармауға шақырды. Ізін ала мамандар қызметке қызу кіріскен фитнес орталықтардың жай-күйімен танысуға барды.
Ал, халық көп баратын мына азық-түлік супермаркетіндегі тепловизор істен шыққан. Оны Алмалы ауданы әкімдігіне тұтынушылар жеткізіпті. Айтқаны рас екен. Жағдайды күзетші былай түсіндірді.
Ал Абай мен Әуезов көшесінің қиылысындағы мына сауда орталығында бутиктерде әлеуметтік арақашықтық сақталмайды. Аядай бөлмеде 15-тен астам адам отыр. Қолды дезинфекциялайтын сұйықтық бітуге аз қалған. Ал қолданылған маскалар арнайы қоқысқа тасталса да, уақытылы шығарылмайды. Мамандар ескертуден талмай тексерістерге шыға бермек.
Жадыра Омаржан, Рәшид Шүкірәлиев, «Алматы» арнасы