Алматыда әскерге шақырылғандар екі реттік ПТР-тесттілеуден өтеді

almaty.tv
almaty.tv
14 күн карантинде болады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап ҚР Президетінің Жарлығына сәйкес, Алматыда азаматтарды мерзімді әскери қызметке күзгі шақыру басталды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн брифинг барысында Алматы қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басшысы Амантай Өсербаев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мерзімді әскери қызметтен өтуге шақыртудан босатылған немесе кейінге қалдыру құқығы жоқ жастары 18-ден 27-ге дейінгі азаматтар шақырылады.

ҚР Президентінің Жарлығы негізінде Алматы қаласы әкімінің ағымдағы жылдың 28 ақпанындағы Қаулысымен шақыру комиссиясы құрылды. Оның құрамына әкімнің бірінші орынбасары бастаған құқық қорғау органдарының және қоғамдық ұйымдардың өкілдері енген.

«Бұл шақыру оның пандемия кезінде өтуімен ерекше. Қорғаныс министрінің тапсырмасымен барлық шақыру және жиналу пункттерінде және әскери бөлімдерде санитарлық-эпидемиологиялық шаралар күшейтілген. Белгілі жұмыс алгоритмі жасалған. Бірінші кезекте, шақыру комиссиясының құрамына әскерге шақырылғандармен, олардың ата-аналарымен алдын ала әңгімелесетін инфекционист дәрігер қосылған. Сөйлесу нәтижесі бойынша әскерге шақырылған азамат одан ары медициналық бақылауға жолданады», – деді А. Өсербаев.

Ол әскерге шақырылушылардың ПТР зерттеуден екі рет өтетінін және оның нәтижесіне қарамастан, 14 күн карантинде болатынын атап айтты.

Шақыру және жиналу пункттерінде әскер қатарына шақырылғандар мен медициналық комиссия мүшелері медициналық маскалармен қамтамасыз етіледі.

Медициналық бақылау кемінде екі метр қашықтықты сақтай отырып, жүргізіледі. Шақыру және жиналу орындарында күніне кемінде екі рет барлық қызметтік және қосымша ғимараттарға, оның ішінде киім ауыстыратын орын, асхана және түнде демалуға арналған орындарға дезинфекция жүргізіледі.

«Көктемдегі шақыру науқанының қорытындысы бойынша, Алматы қаласының әскерге шақырылушыларының арасында коронавирус инфекциясын жұқтырудың жағдайлары тіркелмеді. Күзгі маусымда да ондай жағдайлар болмайды деп үміттенемін», – деді А. Өсербаев.

Жалпы, Алматы қаласы бойынша а.ж қыркүйегінен желтоқсанға дейінгі аралықта мерзімді әскери қызметке 1,5 мың адамды шақыру жоспарланған.

Новости партнеров