Пункттеріне жеткізу әскери-көлік авиациясының күшімен, сондай-ақ өз жүрістерімен жүзеге асырылады
Төтенше жағдай кезіне тартылған әскерилер мен техника өздерінің бөлімдеріне оралады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бүгін Қазақстанда төтенше жағдай режимі ресми түрде аяқталды. Осыған байланысты Қазақстан Қарулы Күштерінің блок-бекеттерінде күшейту, елдімекендерді дезинфекциялау және патрульдеу бойынша кезекшілікке тартылған жеке құрамы мен әскери техника өздерінің тұрақты орналасқан пункттеріне оралады.
Пункттеріне жеткізу әскери-көлік авиациясының күшімен, сондай-ақ өз жүрістерімен жүзеге асырылады.
Бұл ретте, арнайы жиындарға шақырылған аумақтық қорғаныс әскерлерінің әскери қызметшілері өз міндеттерін бұрын бекітілген мерзімдерге және жергілікті атқарушы органдардың жоспарларына сәйкес орындауды жалғастырады.
Елде төтенше жағдай енгізілген күннен бастап әскерилерге режимді қамтамасыз ету және вирустармен күресте маңызды міндеттер жүктелді. Әскери қызметшілер аумақтар мен объектілерді өңдеуді жүргізіп, блок-бекеттерде және патрульдерде қызмет атқарды.