Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі шаралар топтамасы қабылданды

13.07.2021 03:31

эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, медицина қызметкерлерін қолдау және ынталандырудың қолданыста болатын қағидаларын әзірлеу және бекіту

socialinform.ru

ВАК коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі шаралар топтамасын қабылдады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Вице-премьер мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында мемлекеттік органдарға қысқа мерзімде келесі міндеттерді жүзеге асыруды жүктеді: 

  • коронавирусқа қарсы іс-қимыл шараларын түбегейлі қайта қарау Стратегиясын әзірлеу; 
  • осы жылдың 19 шілдесіне дейін шағын және орта бизнес қызметкерлеріне вакциналау жүргізудің нақты мерзімдерін қайта қарау және белгілеу;
  • «Pfizer» компаниясымен келісімге қол қою жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және вакцинаны жеткізу туралы келісімшарт жасасуды қамтамасыз ету; 
  • ағымдағы жылдың 19 шілдесіне дейін міндетті вакциналауға жататын қоғам салаларын анықтау; 
  • ПТР-тестілеудің бірыңғай базасына ұқсас вакциналаудың цифрлық картасын іске қосу мәселесін пысықтау; 
  • осы жылдың 19 шілдесіне дейін «Ashyq» сияқты цифрлық шешімдерді белсенді пайдалану басымдығымен мобильді мониторингтік топтардың жұмысын қайта форматтау бойынша ұсыныстар енгізу; 
  • эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, медицина қызметкерлерін қолдау және ынталандырудың қолданыста болатын қағидаларын әзірлеу және бекіту; 
  • жаңа оқу жылында оқушылар мен студенттерді оқытудың дәстүрлі нысанын қайта бастау кезінде педагогтер мен оқушылардың денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар әзірлеу.