Қытайда коронавирусқа қарсы алғашқы дәрі өндіріле бастады

17.02.2020 03:47

Бүгінде дерттен көз жұмғандар саны 1 770 адамға жетті, ал жалпы вирусты 70 мың адам жұқтырған

Getty Images

Препарат Чжэзян провинциясының оңтүстігінде шығарылып жатыр. Дәрігерлердің сөзінше, ол вирусты жоюға және онымен күресуге қауқарлы. Қытайдың ұлттық биотехнологиялық зертхана мамандарына сенсек, жаңадан шығарылған дәріге "Фавэй лавэй" деген ат беріліпті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі. 

Тіпті сондай атпен ресми тіркелген екен. Аспан асты елінде коронавирусқа қарсы одан басқа да препараттар жасалып жатқан көрінеді. Ғалымдар жануарларға зерттеу жүргізіп жатыр екен. Еске салайын, аталған дерттен көз жұмғандар саны 1 мың 770 адамға жетті. Ал, жалпы вирусты 70 мың адам жұқтырған. Ресми статистикаға сәйкес, материктік Қытайда коронавируспен ауырғандар саны күн сайын эпидемияның ошағы болып саналатын Хубэй провинциясынан тыс жерлерде он үшінші күн қатарынан төмендеп келеді.